Все записи автора t98books

Лазур Жағалауға тікұшақпен

«Тікұшақпен алғаш ұшу» (фр. un baptême en hélicoptère) — Лазур жағалауындағы экскурсиялық бағдарламалар жайлы француздар осылай дейді. Шынымен де, «винтті-қанатты машина» бортында әуеде саяхаттау барысында табиғи әсем жерлер аясындағы осынша романтикалық жағдайда өзіңді өмірге қайта келгендей сезінуге болады. Атап айтқанда осындай «салмақсыз» тәсілмен ғана – адреналин және жердегі және ауадағы көлемді панорамалардан саяхатшыны шыны ғана бөліп тұрған ашық дерлік кабинада тануға болатын сөз жеткісіз құпияға ие болғандайсыз. Read More

«Алтын ернеу» үстінен ұшу

Эстерель қызыл жартастарына тікұшақпен экскурсия ең алдымен түстер реңінің таңғажайып әлеміне саяхат болады: кірпіш тәрізді-қызыл, ішінара алтын түстес, не шоколад түсіне өтетін табиғи жартастар, жасыл қарағай, көкшіл түсті су, көкжиектен алыс кетіп, теңізбен астасқан аспанның көз тойдырар көк түсі. Нағыз француз романтикасын бастан кешкіңіз келсе, қанық түстерге толы, импрессионистердің суретінен түсіп қалғандай таңқалдырар табиғи пейзажды көргіңіз келсе, тексерілген авиацияық еуропалық брокер AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына қоңырау шалып не кез-келген өзіңізге ыңғайлы тәсілмен хабарласып, Эстерель қызыл жартастарына әуе экскурсиясына тапсырыс беретін кез келді.

Эстерель (фр. Massif de l’Esterel) жұмбақ сілемінің тәуліктің уақытына қарай түстерін өзгертетіні қызық. Дәл сондықтан да саяхатшылардың әсерлері таңертең, күндіз және кешке әртүрлі болады. Әрине, маусымға да байланысты мүлдем өзгереді. Эстерель қызыл жартастары бағытына бірнеше рет тікұшақ экскурсиясын жасауды ұсынамыз, сонда жылдың және тәуліктің әртүрлі уақытында өз алған әсеріңізді салыстыра аласыз. Францияның Лазур жағалауына қайтып оралғыңыз кеп тұрады!

Ги де Мопассан Эстерель аралдары жайлы «қонақжай туындыгердің қолымен салған алдамыш аспан фонында акварельмен» салынған сурет ретінде сипаттаған. Шынымен де, Эстерель қызыл жартастарына әрбір келуші орасан зор әрі айбынды, бүлінбеген ойдың әсеріне бөленеді. Оның үстіне бұл ой осы «терең» панораманың әрбір бөлшегі, биік жартастардың және оның астында жайылған теңіздің әрбір реңін айырып көруге болатын ұшар биіктен сезіледі.

Әр қадам сайын әсемдік

 

Эстерель қызыл жартастарына тікұшақпен экскурсияересектер мен балаларға арналған, қарақшылардың соқпақтары және антикалық құпиялар жасырылған адам нанғысыз түстер гаммасына толы қиял-ғажайып әлемге саяхат, ғашықтар үшін романтикалық құпия сыр, шығармашыл тұлғалар үшін нағыз жаңалық және жанға жайлы жай ғана демалыс. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы дәл осындай таңғажайып сыйлық ұсынады, ол:

  • әрбір клиентке жеке тұрғыдан қарауымен;
  • сервистің мінсіз сапасымен;
  • тобының кәсіпқойлығымен;
  • риза көңілді клиенттердің көптеген пікірлерімен;
  • ұқыптылығымен және уақытылы шешім қабылдауымен;
  • әуе кемелері мен бағыттардың кең таңдауымен;
  • қосымша қызметтер жинағымен: гид, аудармашы сүйемелімен, борттағы кейтерингпен;
  • сенімді қатынасымен және тұрақты клиенттері үшін жеңілдіктерімен белгілі.

 

Франциядағы Лазур жағалауда немесе басқа кез-келген еуропалық қалада, тіпті Ресейде жүрсеңіз, және де тікұшақпен Эстерель сиқырлы қызыл жартастарына баруды армандасаңыз, тілегіңізді кейінге қалдырмаңыз. Себебі осы ғажайып жартастар өз бейнесін минут сайын өзгертеді және ең қызықты дүниеден құр қалып қоймыңыз. AVIAV TM (Cofrance SARL) қоңырау шалыңыз немесе өзіңізге ыңғайлы кез-келген тәсілмен біздің мамандарға жүгініңіз: онлайн немесе сайтта өтінім беру арқылы. Біз тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн байланыста боламыз.

 

Еріксіз таңырқатар Эстерель қызыл жартастарының романтика әлеміне қош келдіңіз!

Наполеонның ізімен — Гольф-Жуанға тікұшақпен

Жыл сайын миллиондаған туристер Франциядағы Лазур жағалауда болып қайтады, олардың көпшілігі бұл жерге қайта-қайта оралып жатады, ал демалуға келгендер саны маусымнан тыс уақыттың өзінде жергілікті тұрғындардың санынан асып кетеді. Француз Ривьерасына саяхатшыларды тартып тұратын не? Киножұлдыздар ғана емес, қарапайым саяхатшылардың өзінің алдын-ала Ниццаға чартер жалдауға асығуының себебіне неде? Read More

Бізден жоғары жұлдыздар ғана

Франциядағы Лазур жағалауында гламурлы Канн үстінен асықпай әрі маңғаздана тікұшақпен көтеріліп өзіңізді супержұлдыз сезініңіз! AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясынан Круазетт тікұшақ экскурсиясы керемет панорамалы бейнені, «жұлдыздық шамадағы» ұмытылмас эмоцияларды ғана емес, жалға алынатын әуе кемесі бортында ғажайып жайлылықты да ұсынады.

Канндағы атақты Краузетт жағалауы, «жұлдыздардың»  мәңгі мекені үстінен асықпай тікұшақпен айналудан асқан әрі өзіңді солардың бірі деп, тіпті одан жоғары санаудан асқан керемет не болуы мүмкін? Патрисия Касс әуендеріне құлақ сап және оның қайталанбас «R» дыбысын бірге айту. Салқын шампаннан алып отырып, өзіңді көкшіл толқын үстінде биікте сезіну, кең пейіл ұшқышпен сұхбаттасу немесе қуатты винтті-қалақты машина қалақтарының гүрілінен жай ғана ләззат алу.

AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясынан тікұшақты жалға алу — бұл Лазур жағалау жайлы арманды іске асыратын әлемге жол тарту, оны биіктен «бағындыру» мүмкіндігіне ие болу және бірнеше минутқа адами мүмкіндіктер «шыңында» сезіну үшін жеткілікті бірнеше жүздеген метрден ғана көзге көрінетін әсемдігінің толық құқылы иесі атану.

 

Атақ-даңқ биігінде

 

Канн өз қонақтарына жыл он екі ай бойы осы жерге көптеген саяхатшыларды тартатын көптеген оқиғаларды ұсынады: атақты кинофестиваль, яхт-думан, ұлтаралық жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі.

Фестиваль күндері орын алатын қалаға кірер тұстағы көп шақырымдық кептеліске бармай, жоспарланған оқиға не мерекеге уақытылы кіру үшін, Ницца әуежайынан Каннға трансферге тапсырыс беруге асығыңыз.

Халық толы Круазетт гламурлы жағалауының үстінен түкұшақпен самғап, өзіңізді киножұлдыз сезінесіз.

AVIAV TM (Cofrance SARL) сіздерге:

  • жеке тұрғыдан келу,
  • киножұлдыздар деңгейіндегі сапалы сервис,
  • әуе кемелерінің кең базасын,
  • барлық шарттардың мүлтіксіз орындалуын,
  • әуе кемесінің бортында сұрау бойынша кейтеринг,
  • сұрау бойынша экскурсия жетекшісі, гид, аудармашы қызметтерін,
  • ұшудың кәсіпқой тобын,
  • сұрау бойынша тікұшақты басқарудың шеберлік сабақтарын,
  • қосымша қызметтер: трансфер, орналасу, Франциядағы Лазур жағалауда ойын-сауық бағдарламасы,
  • толық құпиялылық,
  • қолжетімді және оңтайлы баға,
  • ұшу кезіндегі абсолютті қауіпсіздік,
  • тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынады.

 

Круазетт жағалауының үстінен Леринс аралдарына және Эстерель қызыл жартастарына әсерлі экскурсиялармен толықтырылуы мүмкін тамаша жағдайда ұшып өтуіңіз үшін, белгіленген сағатта және уақытта сырбаз ұшқыш тікұшаққа отырғызатын трап жанында күтіп тұрады. Кеме командирі қауіпсіздік ережелері жайлы айтып, бокалдарды көбікті шарапқа толтырады — ақ жол!

 

Бәрі де Лазур жағалауы жайлы сіздің ең батыл арманыңыздың стандартымен орындалады  сеніміңіз берік болсын!

 

 

Көркем тұңғиық үстіндегі әсерлі ұшу — Вердон шатқалы

«Вердон жұтқыншағы» — Франциядағы ең атақты әрі айтулы шатқалдардың бірі — Вердонды (фр. Gorges du Verdon) сөзбе-сөз осылай аударуға болады. Шынымен де, осы табиғи «монумент» өзінің бірегей көрінісімен ұзын әрі ғажайып терең қылтаны еске салады, ол өзіне түскеннің бәрін жұтып қоярдай. Әктасты каньон кейпіндегі Вердон шатқалы ежелден бері тек батылдарды ғана «өткізген». Read More

Жұмбақ аралдарға әуе саяхаты

Франциядағы Лазур жағалау бойында Жерорта теңізінде орналасқан Леринс аралдары шығу тегі мен тарихының, табиғаттың қол тимеген әсемдігімен және басқа әлемге тән бірегей әсер қалдыратын құпиялылығымен тартымды. Сол жерге барғыңыз келсе, авиация саласындағы еуропалық аккредиттелген брокер AVIAV TM (Cofrance SARL) ұсынған бірегей ұсынысты пайдаланатын және Леринс аралдары, тікұшақ экскурсиясынан хабардар болатын уақыт жетті

Апельсин ликері, құпия сырлар және аралға келушілермен аса ашық-жарқын араласатын жергілікті монахтармен әңгімелесу, цистерциандық монастырлар, алып кипаристер, ғасыр жасаған емендер, қарағайлар, лианалар және темір бетперде киген адамның абақтысы — ұшар биіктен керемет көрінетін Леринс аралының атын шығарып тұрған аз ғана дүние осы. Тіпті бір күні осы «тропикалық жұмақта» болып қайтып, Лоренс аралдарына жердегі экскурсия ұсынатын барлық ғажайыпты көруге үлгерсеңіз де, әуе саяхаты мүлдем жаңа әсер сыйлайды және табиғи қорық мәртебесіне ие атақты архипелаг басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Леринс аралдарына тікұшақпен экскурсия туған күнге немесе басқа естелік оқиғаға бірегей сыйлық, мыңдаған метр биікте сезімнің сиқырына бөленетін, әсерлі пейзажда сөз жетпес эмоцияға берілетін ғашықтар үшін романтикалық жаңалық болуы мүмкін. Ежелгі Леринс ғибадатханасының үстінде бас айналдырар биіктікте Францияда махаббатыңды жеткізуден асқан ғажайып нәрсе бар ма екен? Немесе неке жүзігін тікұшақ штурвалының артына жасырып, екінші жартыңа ұсыныс айтқан керемет емес пе?

Франциядағы Лазур жағалаудағы Леринс аралдары — бұл Жерорта теңізінің «сандығында» жасырылған махаббат жайлы өзіндік бір элегия деуге болады. Барлық архипелаг ішінде екі аралда ғана адамдар тұратынын атап өту керек, қалғандары – құпиясы мен романтикасын берік сақтап жатыр.

Винт астында беймәлім әлем

 

Леринс аралдары жер бетіндегі қызықты, мәңгі жасыл, қол тимеген жұмақпен жиі байланыстырылады, оның бар сұлулығы мен бүлінбеген сүйкімділігін хеликоптерде ұшу биіктігінен ғана бағалауға болады. Тікұшақ әдеттегі саяхатшының көзінен жасырылған, жаяу жүргінші соқпағы мен автомобиль жолы бармайтын әрбір жерге панорамалы және асықпай шолу ұсына отырып, архипелаг шегінде баяу жылжиды. Бұл жерге AVIAV TM (Cofrance SARL) командасының көмегімен әуеден ғана келуге болады.

Теңіз жағасындағы Альпіде орналасқан Леринс аралдары жағалаудағы Круазеттен бірнеше «қадам жерде» ғана жатыр және Канн мен Хуан шығанақтары арасындағы табиғи шекара боп табылады.

Егер Канн немесе Ниццадан Лоренс аралдарының үстіне тікұшақ экскурсиясына тапсырысты таңдасаңыз, онда су бетінің көкшіл түсі мен зеңгір көк аспан арасында теңгерім жасап, Жерорта теңізінің үстінен ұшып өтесіз. Осы әуе саяхаты Эстерель сілемінің қызыл жартастарының бойымен де алып өтеді, осы жерлердің басынан өткен вулкандар жайлы куә болатын түстердің бірегей «фестивалінен» рахат аласыз.

Тікұшақтың ең жоғары жылдамдығы бес жолаушы отырғанда 220 км/ сағ жетуі мүмкін, бірақ ұшқыш Леринс аралдары табиғатының ең ұсақ бөлшектеріне дейін көру мүмкіндігі болу үшін, баяу әрі ұқыппен ұшады.

AVIAV TM (Cofrance SARL):

  • бірегей тікұшақ экскурсияларын,
  • әртүрлі сыйымдылықтағы әуе кемелерінің кең таңдауын,
  • жайлылық пен қауіпсіздік,
  • толық құпиялылық,
  • ұнамды әрі орынды баға,
  • тұрақты клиенттерге жеңілдіктер,
  • жоғары деңгейдегі сервис ұсынады.

 

Ұшар көк биіктігінен Леринс аралдарының қиял-ғажап әлемін алғашқы ашушы атаныңыз!

 

 

 

Тікұшақпен қысқы тау шаңғылы ертегіге

Куршевель — Француз Альпісінде орналасқан, әркімнің бір көруді арман еткен қымбат, ұшқын атқан, әсерлі, көз тартатын, тамаша, сірә, ең танымал әрі салтанатты шипажайлардың бірі. Ол үшін тау шаңғысына әуесқой болу міндетті емес, мысалы, шопингке құмар болу да жеткілікті — Куршевельде киімдер, хош иістер мен басқа да қымбат «ұсақ-түйектердің» көптеген айтулы бутиктері ашылған, оған әлемнің кез-келген нүктесінен жайлылық үшін жеке ұшақ не тікұшақ жалдап алып, жолға шығуға болады. Бүгінде бұл арман да емес — VIP-саяхатшыларға кең спектрлі қызметтерді сегіз жылдан астам уақыт ұсынып келе жатқан Франциядағы орыс тілді авиациялық брокер AVIAV TM (Cofrance SARL) Куршевельде тікұшақ жалдауға бірегей мүмкіндік ұсынады.

Хеликоптерге тапсырысты өзіңізге ыңғайлы тәсілмен тәуліктің кез-келген уақытында жүзеге асыруға болады: онлайн, WhatsApp, Viber, AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясының сайтында. Осылайша, тапсырыс беру ғаламшардың кез-келген нүктесінен мүмкін болады, ал ұшу Франция, Монако, Еуропа немесе Ресей, ТМД елдерінің кез-келген қаласынан сіздің сұрауыңызбен орындалады.

Ниццаға бірнеше күнге ұшып келдіңіз делік, бірақ шуақты ауа райы мен жағалаудағы демалыс жылдам жалықтырып жіберді де, нағыз қар басқан пейзаж бен тау шаңғылы экстримге көңіліңіз ауады. Онда AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына хабарласатын компанияның орталық кеңсесі Француз Ривьерасының тура осы қаласында орналасқан — әрі Куршевельге тікұшаққа тапсырыс беретін уақыт жетті. Егер күллі отбасыңызбен және балаларыңызбен демалсаңыз, Куршевель тікұшақ экскурсиялары ерекше көңіліңізден шығады. Ұшар биіктен қыста атақты да салтанатты шипажайдың қар басқан жазықтарына көз жүгірту — нағыз рождестволық сый, жазда осы бір ерекше жердің жасыл жазықтары мен құлама баурайларына көз тастау — AVIAV TM (Cofrance SARL) қуана-қуана сыйға тартатын қайталанбас ертегі.

Абырой мен салтанат

 

Хеликоптердің иллюминаторынан тамашалаған аса тартымды болатын бірнеше қабатта орналасқан заманауи «көп сатылы» Куршевель шипажайы:

  • нағыз спортшылар мен әуесқойлар, яғни спорттық даярлығы әртүрлі адамдар үшін жабдықталған тау шаңғылы трассалар;
  • «биіктегі» салтанатты шопинг үшін бар жағдайды;
  • күн сайын тікұшақпен балғын устрицалар және басқа да теңіз өнімдері жеткізіліп тұратын Мишлен деңгейіндегі керемет мейрамханалар;
  • мұз айдын, мұздағы картинг немесе боулинг, шана, сквош, сноуборд;
  • құзға шығу;
  • тау велосипедтері;
  • бірегей панорамалы пейзаждар;
  • ұмытылмас әсерлер, сергектік қуаты, адреналин және керемет көңіл-күй;
  • қысты және жазда отбасылық демалыс үшін бар мүмкіндікті ұсынады.

AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясынан кез-келген уақытта жалға ала алатын жекеменшік тікұшақ бортында ең жайлы да салтанатты жағдайда Куршевельге сапар шегіңіз. Біз:

  • әділ әрі қолжетімді баға,
  • ұшу тобының кәсіпқойлығын,
  • ұшу қауіпсіздігін,
  • тобымыздың ұқыптылығын,
  • қажет болғанда — әуе кемесінің бортында кейтеринг,
  • тұрақты клиенттерге жеңілдіктер,
  • толық құпиялылық ұсынамыз,
  • қаласаңыз, ұшуды үстінен ұшып өтетін пейзаждар мен қызықты жерлер жайлы егжей-тегжейлі айтып бере алатын экскурсия жетекшісі немесе гид сүйемелдеуінде өткізуге болады.

Кез-келген жағдайда Куршевель тікұшақ экскурсиялары тыныштықта өтпейді — кең пейіл ұшқыш ұшуға түсінік беріп отырады, қауіпсіздік ережелері жайлы айтып береді және «жеңіл қонуға» кепілдік береді.

 

Арманыңызды орындауға асығыңыз Куршевель тікұшағын жалға алыңыз!

 

Сен-Тропе атты гламур әлемінің тікұшағы

Кезіндегі Францияның Лазур Жағалауындағы Сен-Тропе атты жұпыны атауға ие балықшылар ауылы бүгінде ең сәнді, гламур, «ыстық», салтанатты, жағалаулық шипажай. Егер осы бір тәні күнге күйген атақты жандардың талғампаз әлемінде «трендте» қалып әрі «өз адамымыз» болып жүргіңіз келсе, тікұшақпен Сен-Тропеге сапар шегіңіз!

Көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар әрі кіршіксіз беделге ие тексерілген еуропалық аккредиттелген авиациялық брокер AVIAV TM (Cofrance SARL) бүгінде клиенттеріне Монако — Сен-Тропе тікұшағына немесе Ницца — Сен-Тропе трансферіне тапсырыс беруге мүмкіндік береді.

Егер көптеген саяхатшылар сияқты тұрақты сапарлармен француздың Ривьерасына немесе жекеменшік джетпен халықаралық Ницца әуежайына ұшып келсеңіз (фр. Aéroport Nice Côte d’Azur), онда жолға, такси іздеуге немесе автомобиль жалдауды ресімдеуге артық уақытыңызды құртпаңыз — жайлылықты, жылдамдық пен сапаны таңдаңыз —AVIAV TM (Cofrance SARL) арқылы Ницца — Сен-Тропе бағытына тікұшаққа тапсырыс беріңіз. Сіздерге:

  • Толық құпиялылық сақтауға.
  • Тағайындалған жерге кептеліссіз, кешеуілдемей ең жылдам тәсілмен жетуге көмектесеміз. Ницца — Сен-Тропе бағытындағы әуе жолына бар-жоғы 20 минут, Монако — Сен-Тропе бағытына 15 минут кетеді.
  • Сен-Тропеге барар жолдағы таулы жолдардан аулақ болуға.
  • Борттық сервистің VIP-қызметтерін қолдануға.
  • Нағыз орынды бағада сәнімен ұшуға, тағайындалған жерге трансфер және әуе экскурсиясын алуға.
  • Алдағы ұшулар үшін жеңілдіктер мен біздің клиент деген мәртебеге ие болуға.
  • Осы мақсатта ең салтанатты әрі үздік тәсілмен – тікұшақпен гламур қаласы Сен-Тропеге келіп жетуге көмектесеміз.

AVIAV TM (Cofrance SARL) артықшылықтары

 

  • Компания базасында – клиенттеріміздің борттағы жолаушылар санына, әуе кемесінің қажеттілік уақытына қарамастан (мысалы, фестивальдар өткізу кезеңі), вертолет Ницца — Сен-Тропе немесе Франция ішіндегі басқа бағыт бойынша тікұшақты міндетті түрде жалға ала алатындарына сенімділік беретін әуе кемелерінің кең таңдауы.
  • Сіздің қалауыңызша Монако — Сен-Тропе тікұшағында трансфер гид, экскурсовод және/немесе аудармашы сүйемелдеуімен жүруі мүмкін, олар қысқа уақыт болса да, жердегі көркем орындар мен үстінен ұшып өтетін өңірлер жайлы егжей-тегжейлі айтып бере алады. Қандай жағдайда да тікұшақтарыңыздың ұшқыштары өте кең пейіл әрі ашық жандар – ұшу сәтіне жан-жақты түсінік беріліп отырады, әрине, өзіңіз қаламасаңыз, тыныштықта отырып қалмайсыз.
  • AVIAV TM (Cofrance SARL) тікұшақтар мен басқа әуе кемелері бортында ұшқыштар мен басқа да қызмет көрсетуші мамандардың кәсіпқой тобымен қызмет жасайды, бұл орынды бағада, бірақ жоғары деңгейдегі сапа мен сервиске кепілдік береді.
  • Біз барынша қысқа мерзімде әрі клиенттің барлық тілектерін ескере отырып трансфер ұсынамыз: ұшудың ұзақтығы, бағытты жекелей жоспарлау, баратын көрікті жерлерді таңдау. Бортта тіпті кейтерингті қамтамасыз ете аламыз, ал сіз тікұшақтан-ақ бастап француздық балғын устрицадан дәм татасыз.
  • Хеликоптермен ұшу — балаларыңызға арналған еш ұмытылмайтын саяхат, олар «қанатты машина» көкке көтергеннен бастап шаттыққа бөленері сөзсіз. Түкұшақпен салыстырғанда париждік Диснейлендтің ең айрықша аттракциондарының барлығы жолда қалады.
  • Сен-Тропеге іскери сапар, маңызды келіссөздер, атақтылармен кездесу немесе сүйіктіңмен кездесу —хеликоптердегі трансфер оңтайлы әрі тиімді шешім болмақшы.

 

Біздің клиентіміз болыңыз бедел, жайлылық және сыйластықты серік етіңіз!