Көркем тұңғиық үстіндегі әсерлі ұшу — Вердон шатқалы

Көркем тұңғиық үстіндегі әсерлі ұшу — Вердон шатқалы

«Вердон жұтқыншағы» — Франциядағы ең атақты әрі айтулы шатқалдардың бірі — Вердонды (фр. Gorges du Verdon) сөзбе-сөз осылай аударуға болады. Шынымен де, осы табиғи «монумент» өзінің бірегей көрінісімен ұзын әрі ғажайып терең қылтаны еске салады, ол өзіне түскеннің бәрін жұтып қоярдай. Әктасты каньон кейпіндегі Вердон шатқалы ежелден бері тек батылдарды ғана «өткізген».

Дей тұрғанмен, қазіргі күні осынша көрікті де атақты жер ХІХ ғасырға дейін ешкімді онша қызықтыра қоймады, ол кезде өжет романтиктер шытырман оқиға, жаңа әсерлер мен көркем пейзаж іздеп барады екен. Қазіргі күні де Вердон шатқалының айналасынан осы жерлердің қауіпті таулы бағыттарын басып өткісі келетін батыл туристер мен өзен жартастарының бойымен кетіп бара жатқан ағаш салдарды ғана емес, осының бәрін: каньонның қаймағы бұзылмаған сұлулығын және оның сынақтарынан тайсалмаған ержүректерді түсіруге асыққан көптеген суретшілерді де кездестіруге болады.

Егер жеке өмір үшін тәуекелсіз және тар жаяу бағыттан сырғанап кетіп төменге құлау қаупінсіз осылардың бірі болуды артық көріп, «керемет» әсерлерді бастан өткізіп, айналаның көркемдігінен ләззат алғыңыз келсе, Францияда, Монакода және Еуропада қызметтерін көптеген жылдар бойы ұсынып келе жатқан тексерілген авиациялық брокер AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясының бірегей ұсынысын пайдаланыңыз. Біз сіздерге:

  • Францияда Вердон шатқалы жайлы хабардар болуға тікұшақ экскурсиясын;
  • әуе кемесінің бортында жайлылық пен қауіпсіздік;
  • толық анонимділік;
  • салондағы VIP-қызмет көрсету;
  • кәсіпқой экипаж;
  • ең орынды баға;
  • тұрақты клиенттерге жеңілдіктер ұсынамыз.

Вердондағы тікұшақпен бас айналдырар экскурсия

 

Вердон шатқалының үстінен тәжірибелі топпен және қлауыңыз бойынша гид және аудармашының сүйемелімен хеликоптерде ұшу ұмытылмас рахат сыйлайды. Ұшар биіктен Жоғарғы Прванс Альпісі және Вар департаменттері арасында орналасқан осы маңайдың бар сұлулығын бағалай аласыз. Аталған франсуз каньонының тереңдігі тікұшақ иллюминаторынан таңғажайып боп көрінеді, себебі ол онсыз да 700 метрден асып кетеді. Ежелгі заманда Вердон шатқалына түсуге адамдардың батылы бармаған, тек кейбір батыл ағаш кесушілер ғана ағаштың сирек кездесетін тұқымдастарын іздеп оған арқанмен терең бойлаған екен. Бүгінде Вердон шатқалына тірі қалу үшін ғана бармайды, керісінше — тәуекелге бас тігіп, керемет құмарлықты бастан кешуге, осы бірегей жердегі табиғаттың ұлылығын әрбір жасушасымен сезінуге барады.

Вердон шатқалының үстінен хеликоптермен ұшу — нағыз жойқын думан. Қорғалатын табиғи кеңістіктер ортасында саяхатшы назарына ұсынылатын панорамалар бас айналдырады, және жарылған жердің шетінде орналасқан жергілікті қоныстар ежелгі провансалдық мекендердің әсемдігін сақтап қалған. Тікұшақтың бортына отырып, осы керемет орынды көруге барыңыз – бұл ұшу ешқашан естен кетпейді!

 

Вердон шатқалының үстінен тікұшақпен экскурсия жасау бағдарламасы

 

– Тікұшақ алаңындағы кездесу, онда ұшқыш қыдырыс жасауға шақырып, әуе кемесінің бортында күтіп отырады.

– Ұшу алдында қауіпсіздік ережелері жөніндегі нұсқаулықпен, сондай-ақ тікұшақтағы қыдырыс жоспарымен танысу.

– Барлық қатысушылар орындарына жайғасқан кезде тікұшақ ұшып шығып, Вердон шатқалынан айналып өтеді, ол сіздің тілегіңізбен 1 сағат шамасында немесе бірдеңені көріп үлгермей қалсаңыз одан артық уақытқа ұласады.

– Қыдырыс кезінде мынадай жерлерді көріп тамсана аласыз:

 

  • бірнеше километрге созылған Вердон шатқалының алып әктасты жартастары;
  • Сент-Крус көлі және оның көкшіл түсті суы;
  • Провансалдық қоныстар: Мустьер-Сент-Мари, Эгин, Ля-Палюд-сюр-Вердон, Бодуэн және т.б.

 

– Ұшу соңында бастапқы нүктеге қайтып келесіз.

 

Тікұшақ экскурсиясының ерекшеліктері

 

Жолаушылар санына қарай тікұшақтардың әртүрлі модельдері ұсынылуы мүмкін.

 

Пайдалы ақпарат

 

– 2 және 12 жас аралығындағы балалар ересектермен бірге жүруге тиіс;

– Ұшу Вердон шатқалы өңірі туралы түсініктер беруге ұласады;

– Барлық жолаушылар ұшу аумағының үстінен қарай алады.

 

Көз жетпес биіктен Вердон шатқалын зерттеудің бірегей мүмкіндігінен қалып қоймаңыз!

 

t98books

Comments are closed.