Бізден жоғары жұлдыздар ғана

Бізден жоғары жұлдыздар ғана

Франциядағы Лазур жағалауында гламурлы Канн үстінен асықпай әрі маңғаздана тікұшақпен көтеріліп өзіңізді супержұлдыз сезініңіз! AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясынан Круазетт тікұшақ экскурсиясы керемет панорамалы бейнені, «жұлдыздық шамадағы» ұмытылмас эмоцияларды ғана емес, жалға алынатын әуе кемесі бортында ғажайып жайлылықты да ұсынады.

Канндағы атақты Краузетт жағалауы, «жұлдыздардың»  мәңгі мекені үстінен асықпай тікұшақпен айналудан асқан әрі өзіңді солардың бірі деп, тіпті одан жоғары санаудан асқан керемет не болуы мүмкін? Патрисия Касс әуендеріне құлақ сап және оның қайталанбас «R» дыбысын бірге айту. Салқын шампаннан алып отырып, өзіңді көкшіл толқын үстінде биікте сезіну, кең пейіл ұшқышпен сұхбаттасу немесе қуатты винтті-қалақты машина қалақтарының гүрілінен жай ғана ләззат алу.

AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясынан тікұшақты жалға алу — бұл Лазур жағалау жайлы арманды іске асыратын әлемге жол тарту, оны биіктен «бағындыру» мүмкіндігіне ие болу және бірнеше минутқа адами мүмкіндіктер «шыңында» сезіну үшін жеткілікті бірнеше жүздеген метрден ғана көзге көрінетін әсемдігінің толық құқылы иесі атану.

 

Атақ-даңқ биігінде

 

Канн өз қонақтарына жыл он екі ай бойы осы жерге көптеген саяхатшыларды тартатын көптеген оқиғаларды ұсынады: атақты кинофестиваль, яхт-думан, ұлтаралық жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі.

Фестиваль күндері орын алатын қалаға кірер тұстағы көп шақырымдық кептеліске бармай, жоспарланған оқиға не мерекеге уақытылы кіру үшін, Ницца әуежайынан Каннға трансферге тапсырыс беруге асығыңыз.

Халық толы Круазетт гламурлы жағалауының үстінен түкұшақпен самғап, өзіңізді киножұлдыз сезінесіз.

AVIAV TM (Cofrance SARL) сіздерге:

  • жеке тұрғыдан келу,
  • киножұлдыздар деңгейіндегі сапалы сервис,
  • әуе кемелерінің кең базасын,
  • барлық шарттардың мүлтіксіз орындалуын,
  • әуе кемесінің бортында сұрау бойынша кейтеринг,
  • сұрау бойынша экскурсия жетекшісі, гид, аудармашы қызметтерін,
  • ұшудың кәсіпқой тобын,
  • сұрау бойынша тікұшақты басқарудың шеберлік сабақтарын,
  • қосымша қызметтер: трансфер, орналасу, Франциядағы Лазур жағалауда ойын-сауық бағдарламасы,
  • толық құпиялылық,
  • қолжетімді және оңтайлы баға,
  • ұшу кезіндегі абсолютті қауіпсіздік,
  • тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынады.

 

Круазетт жағалауының үстінен Леринс аралдарына және Эстерель қызыл жартастарына әсерлі экскурсиялармен толықтырылуы мүмкін тамаша жағдайда ұшып өтуіңіз үшін, белгіленген сағатта және уақытта сырбаз ұшқыш тікұшаққа отырғызатын трап жанында күтіп тұрады. Кеме командирі қауіпсіздік ережелері жайлы айтып, бокалдарды көбікті шарапқа толтырады — ақ жол!

 

Бәрі де Лазур жағалауы жайлы сіздің ең батыл арманыңыздың стандартымен орындалады  сеніміңіз берік болсын!

 

 

t98books

Comments are closed.