Франциядағы Лазур жағалау бойында Жерорта теңізінде орналасқан Леринс аралдары шығу тегі мен тарихының, табиғаттың қол тимеген әсемдігімен және басқа әлемге тән бірегей әсер қалдыратын құпиялылығымен тартымды. Сол жерге барғыңыз келсе, авиация саласындағы еуропалық аккредиттелген брокер AVIAV TM (Cofrance SARL) ұсынған бірегей ұсынысты пайдаланатын және Леринс аралдары, тікұшақ экскурсиясынан хабардар болатын уақыт жетті
Апельсин ликері, құпия сырлар және аралға келушілермен аса ашық-жарқын араласатын жергілікті монахтармен әңгімелесу, цистерциандық монастырлар, алып кипаристер, ғасыр жасаған емендер, қарағайлар, лианалар және темір бетперде киген адамның абақтысы — ұшар биіктен керемет көрінетін Леринс аралының атын шығарып тұрған аз ғана дүние осы. Тіпті бір күні осы «тропикалық жұмақта» болып қайтып, Лоренс аралдарына жердегі экскурсия ұсынатын барлық ғажайыпты көруге үлгерсеңіз де, әуе саяхаты мүлдем жаңа әсер сыйлайды және табиғи қорық мәртебесіне ие атақты архипелаг басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Леринс аралдарына тікұшақпен экскурсия туған күнге немесе басқа естелік оқиғаға бірегей сыйлық, мыңдаған метр биікте сезімнің сиқырына бөленетін, әсерлі пейзажда сөз жетпес эмоцияға берілетін ғашықтар үшін романтикалық жаңалық болуы мүмкін. Ежелгі Леринс ғибадатханасының үстінде бас айналдырар биіктікте Францияда махаббатыңды жеткізуден асқан ғажайып нәрсе бар ма екен? Немесе неке жүзігін тікұшақ штурвалының артына жасырып, екінші жартыңа ұсыныс айтқан керемет емес пе?
Франциядағы Лазур жағалаудағы Леринс аралдары — бұл Жерорта теңізінің «сандығында» жасырылған махаббат жайлы өзіндік бір элегия деуге болады. Барлық архипелаг ішінде екі аралда ғана адамдар тұратынын атап өту керек, қалғандары – құпиясы мен романтикасын берік сақтап жатыр.
Винт астында — беймәлім әлем
Леринс аралдары жер бетіндегі қызықты, мәңгі жасыл, қол тимеген жұмақпен жиі байланыстырылады, оның бар сұлулығы мен бүлінбеген сүйкімділігін хеликоптерде ұшу биіктігінен ғана бағалауға болады. Тікұшақ әдеттегі саяхатшының көзінен жасырылған, жаяу жүргінші соқпағы мен автомобиль жолы бармайтын әрбір жерге панорамалы және асықпай шолу ұсына отырып, архипелаг шегінде баяу жылжиды. Бұл жерге AVIAV TM (Cofrance SARL) командасының көмегімен әуеден ғана келуге болады.
Теңіз жағасындағы Альпіде орналасқан Леринс аралдары жағалаудағы Круазеттен бірнеше «қадам жерде» ғана жатыр және Канн мен Хуан шығанақтары арасындағы табиғи шекара боп табылады.
Егер Канн немесе Ниццадан Лоренс аралдарының үстіне тікұшақ экскурсиясына тапсырысты таңдасаңыз, онда су бетінің көкшіл түсі мен зеңгір көк аспан арасында теңгерім жасап, Жерорта теңізінің үстінен ұшып өтесіз. Осы әуе саяхаты Эстерель сілемінің қызыл жартастарының бойымен де алып өтеді, осы жерлердің басынан өткен вулкандар жайлы куә болатын түстердің бірегей «фестивалінен» рахат аласыз.
Тікұшақтың ең жоғары жылдамдығы бес жолаушы отырғанда 220 км/ сағ жетуі мүмкін, бірақ ұшқыш Леринс аралдары табиғатының ең ұсақ бөлшектеріне дейін көру мүмкіндігі болу үшін, баяу әрі ұқыппен ұшады.
AVIAV TM (Cofrance SARL):
- бірегей тікұшақ экскурсияларын,
- әртүрлі сыйымдылықтағы әуе кемелерінің кең таңдауын,
- жайлылық пен қауіпсіздік,
- толық құпиялылық,
- ұнамды әрі орынды баға,
- тұрақты клиенттерге жеңілдіктер,
- жоғары деңгейдегі сервис ұсынады.
Ұшар көк биіктігінен Леринс аралдарының қиял-ғажап әлемін алғашқы ашушы атаныңыз!
VK
Facebook
Google+
Pinterest
LinkedIn
Odnoklassniki