«Алтын ернеу» үстінен ұшу

«Алтын ернеу» үстінен ұшу

Эстерель қызыл жартастарына тікұшақпен экскурсия ең алдымен түстер реңінің таңғажайып әлеміне саяхат болады: кірпіш тәрізді-қызыл, ішінара алтын түстес, не шоколад түсіне өтетін табиғи жартастар, жасыл қарағай, көкшіл түсті су, көкжиектен алыс кетіп, теңізбен астасқан аспанның көз тойдырар көк түсі. Нағыз француз романтикасын бастан кешкіңіз келсе, қанық түстерге толы, импрессионистердің суретінен түсіп қалғандай таңқалдырар табиғи пейзажды көргіңіз келсе, тексерілген авиацияық еуропалық брокер AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына қоңырау шалып не кез-келген өзіңізге ыңғайлы тәсілмен хабарласып, Эстерель қызыл жартастарына әуе экскурсиясына тапсырыс беретін кез келді.

Эстерель (фр. Massif de l’Esterel) жұмбақ сілемінің тәуліктің уақытына қарай түстерін өзгертетіні қызық. Дәл сондықтан да саяхатшылардың әсерлері таңертең, күндіз және кешке әртүрлі болады. Әрине, маусымға да байланысты мүлдем өзгереді. Эстерель қызыл жартастары бағытына бірнеше рет тікұшақ экскурсиясын жасауды ұсынамыз, сонда жылдың және тәуліктің әртүрлі уақытында өз алған әсеріңізді салыстыра аласыз. Францияның Лазур жағалауына қайтып оралғыңыз кеп тұрады!

Ги де Мопассан Эстерель аралдары жайлы «қонақжай туындыгердің қолымен салған алдамыш аспан фонында акварельмен» салынған сурет ретінде сипаттаған. Шынымен де, Эстерель қызыл жартастарына әрбір келуші орасан зор әрі айбынды, бүлінбеген ойдың әсеріне бөленеді. Оның үстіне бұл ой осы «терең» панораманың әрбір бөлшегі, биік жартастардың және оның астында жайылған теңіздің әрбір реңін айырып көруге болатын ұшар биіктен сезіледі.

Әр қадам сайын әсемдік

 

Эстерель қызыл жартастарына тікұшақпен экскурсияересектер мен балаларға арналған, қарақшылардың соқпақтары және антикалық құпиялар жасырылған адам нанғысыз түстер гаммасына толы қиял-ғажайып әлемге саяхат, ғашықтар үшін романтикалық құпия сыр, шығармашыл тұлғалар үшін нағыз жаңалық және жанға жайлы жай ғана демалыс. AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы дәл осындай таңғажайып сыйлық ұсынады, ол:

  • әрбір клиентке жеке тұрғыдан қарауымен;
  • сервистің мінсіз сапасымен;
  • тобының кәсіпқойлығымен;
  • риза көңілді клиенттердің көптеген пікірлерімен;
  • ұқыптылығымен және уақытылы шешім қабылдауымен;
  • әуе кемелері мен бағыттардың кең таңдауымен;
  • қосымша қызметтер жинағымен: гид, аудармашы сүйемелімен, борттағы кейтерингпен;
  • сенімді қатынасымен және тұрақты клиенттері үшін жеңілдіктерімен белгілі.

 

Франциядағы Лазур жағалауда немесе басқа кез-келген еуропалық қалада, тіпті Ресейде жүрсеңіз, және де тікұшақпен Эстерель сиқырлы қызыл жартастарына баруды армандасаңыз, тілегіңізді кейінге қалдырмаңыз. Себебі осы ғажайып жартастар өз бейнесін минут сайын өзгертеді және ең қызықты дүниеден құр қалып қоймыңыз. AVIAV TM (Cofrance SARL) қоңырау шалыңыз немесе өзіңізге ыңғайлы кез-келген тәсілмен біздің мамандарға жүгініңіз: онлайн немесе сайтта өтінім беру арқылы. Біз тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн байланыста боламыз.

 

Еріксіз таңырқатар Эстерель қызыл жартастарының романтика әлеміне қош келдіңіз!

t98books

Comments are closed.