Наполеонның ізімен — Гольф-Жуанға тікұшақпен

Наполеонның ізімен — Гольф-Жуанға тікұшақпен

Жыл сайын миллиондаған туристер Франциядағы Лазур жағалауда болып қайтады, олардың көпшілігі бұл жерге қайта-қайта оралып жатады, ал демалуға келгендер саны маусымнан тыс уақыттың өзінде жергілікті тұрғындардың санынан асып кетеді. Француз Ривьерасына саяхатшыларды тартып тұратын не? Киножұлдыздар ғана емес, қарапайым саяхатшылардың өзінің алдын-ала Ниццаға чартер жалдауға асығуының себебіне неде?

Бұл сұрақтарға жауапты бұл жердің бірегей ауа райы мен атмосферасынан, көрікті орындары мен табиғат және жергілікті адамдар жасайтын жағдайдан табуға болады. Бірақ Лазур жағалау тартымдылығының негізгі себебі теңіз тербеген, шуақты ауа райының және соған сәйкес көңіл-күй тербеген романтикасы боп қала береді. Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған туристер Француз Ривьерасына романтика іздеп келеді.

Көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар және көптеген риза көңілдегі клиенттері бар авиациялық саладағы еуропалық аккредиттелген брокер AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы сіздерді жоғары жайлылық жағдайында Лазур жағалауда болып қайтуға шақырады. Клиенттерімізге қолжетімді: тілектеріне сай жекеменшік ұшақты жалдау, орналасатын жерге дейін әуе трансфері, Жерорта теңізінің беймәлім әрі әсерлі жерлеріне қызықты экскурсиялар.

Лазур жағалаудың романтикасын басыңыздан өткізгіңіз келсе және үлкен қаланың қарбаласынан шаршасаңыз, Гольф-Жуанға тікұшақпен баруға асығыңыз. Бұл теңіз жағасындағы сайма-сай қалашық, ол Ницца мен Каннан бірдей қашықтықта жатыр, тікұшақтағы сапар бес минут шамасын алады. Ал алар әсеріңіздің бүкіл өміріңізге жетері анық.

Гольф-Жуан тікұшақ экскурсиясы бұкіл отбасы үшін адам нанғысыз зерттеу болады, ол ересектер үшін де, балалар үшін де қызықты. Қаланың өзі шағын болса да, бұл жерде кезінде император Наполеонның ат басын тіреуімен танымал (Эльба аралынан Парижге бара жатқан кезде). Тікұшақ иллюминаторынан панорамалы бейнеге барынша кенелесіз және жақын жатқан лазур толқындар арасында «маржандай» жарқыраған Канн, Ницца, Антиб алақандағыдай көрінеді, «Наполеон ізімен» Гольф-Жуанға шағын серуен жасай аласыз. Бұл қалада атақты трактирде түстенуге, сергіткіш шарап не ұйқыашар кофе ішуге, жергілікті жеміс-жидек, ірімшіктер мен шұжықтардан дәм татуға, атақты императордың ескерткішін табуға, қоңырауханаға көтерілуге және шағын провансалдық қаланың  бар романтикасынан нәр алуға, содан соң «винтті-қанатты машинаның» бортына қайта көтерілуге болады.

Биіктіктен Гольф-Жуан шығанағының екі портын оңай көре аласыз: оның бірі ұзындығы 40 метрге жететін әлемдегі ең әдемі яхталардан тұрады, екіншісі жергілікті, сайма-сай стильдегі біршама «қарапайым» қайықтарға арналған. «Әппақ қардай сұлулардың» әдемілігіне сүйсініп, яхталардың бірін бірнеше күнге не тіпті бір айға жалға алуды қалауыңыз да мүмкін — бұл жерде сізге «Кофранс Сарл» (ScanMarine TM)

көмектеседі.

Айналаның әсемдігі

 

Гольф-Жуан үстінен тікұшақпен ұшып бара жатқанда Гольф Жуан Валлориске саяхат жоспарлауыңызға болады. Бұл жерде жаныңызбен ғана емес, тәніңізбен де француздық Жерорта теңізінің романтикасына терең бойлай аласыз. Қалада көптеген дайвинг-орталықтар қызмет етеді және спорттың судағы түрлеріне бар жағдай көзделген. Гольф Жуан Валлористе лазур су бетінде шаңғымен не тақтаймен сырғанауға, сондай-ақ жай ғана суға түсіп, қызыққа толы күннен кейін бой сергітуге болады. Сонымен қатар, қала керамикалық қолөнермен танымал, жақындарыңызға таңдаулы кәдесыйлар ала кетуіңізге болады.

Бірақ Франциядағы Лазур жағалауда тікұшақпен экскурсия нағыз ғажайып естелік боп қалады, онда AVIAV TM (Cofrance SARL):

  • мінсіз сервиске,
  • жоғары деңгейдегі сапа мен жайлылыққа,
  • ұшқыштың сыпайылығы мен ұқыптылығына,
  • толық құпиялылыққа,
  • орынды бағаға кепілдік береді.

 

Франциядағы Лазур жағалаудың шытырман оқиғалары мен таңғажайып бейнесі әлеміне саяхаттау үшін тікұшақ бортына қош келдіңіз!

 

 

 

t98books

Comments are closed.